USD
USD
USD

Шымкентте ахуал күрделеніп тұр

Шымкент қаласы аумағындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай әлі күрделеніп тұр. Өткен тәулікте 121 адам коронавирус жұқтырса, 34 адам инфекциялық стационарға жатқызылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте ахуал күрделеніп тұр
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, індет жұқтырғандардың арасында 81 адамнан ауру белгілері анықталған. Сондай-ақ, 87 адам үй бақылауына алынған. Денсаулық сақтау басқармасы шаһардың «қызыл аймақта» екенін және Covid-19 жұқтырушылардың саны күннен күнге артып отырғанын айтуда. Сондықтан мамандар барлық қала тұрғындарынан санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, барынша үйден шықпауға шақырады. Инфекцияға қарсы вакцина алуға кеңес береді. Айта кетейік, соңғы тәулік ішінде қалада 9462 адам вакцина алған. Бірінші компонентін 9215 адам алса, 247 адам екінші компонентін салдырған. Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы 55 868 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 6742 адам вакцинаның екі компонентін алған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.