USD
USD
USD

Шымкентте ағаштарға дәрілеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласында көктем мезгілінен бастап қаладағы ағаштарды ауруға қарсы залалсындандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп отырады.

Шымкентте ағаштарға дәрілеу жұмыстары жүргізілуде
Фото: NEGE.kz

Шымкент,  NEGE. Биылғы «Қара тал» ағашына түсіп жатқан ауруды емдеу мақсатында аудан әкімдіктері, ҚР АШМ АӨ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының, Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы РРМ Шымкент қаласы бойынша филиалы және мердігер мекемелер бірлесе дезинсекциялық дәрілеу шараларын жүргізу үстінде.

Жалпы қалада 125 гектар аумаққа «Имидор», «Омайт», «Энжин» препараттарымен қарағаштарды өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, саябақтар аумағының 28 га жеріне, Абай ауданы 20 га, Әл-Фараби 25 га, Еңбекші ауданы 23 га, Қаратау ауданына 29 гектар жерге қолданылады.

Мұндай жұмыстар қоңыр күзге дейін жалғасады.

Егер де, аулаңызда «Қара тал» ағашының ауырып тұрғанын байқасаңыз жергілікті әкімдікке хабарласыңыз.

Әл-Фараби ауданы: 54-58-46

Еңбекші ауданы: 53-27-43

Қаратау ауданы: 77-45-64

Абай ауданы: 53-03-16

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек