USD
USD
USD

Шымкентте адам өміріне қауіпті энергетикалық сусын өндірілгені анықталды

Бизнес құқықтарын қорғау және көлеңкелі экономикамен күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында танымал энергетикалық сусын шығаратын жасырын цехтың қызметін ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тоқтатты.

Шымкентте адам өміріне қауіпті энергетикалық сусын өндірілгені анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарымен және сауда маркасының құқық иеленушінің өкілдерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында: 21 мыңнан астам құты контрафактілік сусынның дайын өнімдері, тауар белгісі бар 54 мың данадан астам бос банкалар энергетикалық сусынды құюға арналған жабдық, сия бүріккіш жапсырма, орау құрылғылары, қақпақтар, құрғақ қоспалар (лимон қышқылы, кофеин, сода, бояғыштар, қант, қышқылдықты реттегіштер) тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асады.

Ұлттық сараптама орталығының микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, тәркіленген сусынның құрамында рұқсат етілген мөлшерден екі есе жоғары зең мен ашытқы бар. Бұл өнім тұтынуға жарамсыз, өйткені ол адам денсаулығына, әсіресе жас ағзаға зиян келтіреді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс