USD
USD
USD

Шымкентте «Абай бол!» акциясы өтті

Шымкент қаласында бірқатар орындарда шомылуға тыйым салынған.

Шымкентте «Абай бол!» акциясы өтті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Олардың қатарында Янги-шек, Азат, Көкбұлақ, Хауау, Сасық каналдары бар. Аталған каналдардың бойында қала тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін ұстану бойынша демалыс және мереке күндері үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. «Абай бол!» атауымен өткен акция қала тұрғындарының қауіпсіздігін қаматамасыз етіп, өздерінің және жақындарының өмірлерін сақтауға бағытталған.

Ауқымды іс-шара Шымкент қаласы ТЖ департаментінің ұйымдастыруымен өткізіліп, оған барлық құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар ат салысты. Жексенбілік акция барысында ТЖ мамандары қала тұрғындарына «Судағы қауіпсіздік шаралары» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 5 мыңға жуық тұрғынға парақшалар ұсынылып, арнайы түбіртектер арқылы есеп жүргізілді. Айта өту керек, осындай үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде қалада шомылу маусымы басталғалы бері жазатайым оқиғалар орын алған жоқ.

Осы орайда тұрғындар назарына! Жаздың ыстық күндері тек қана арнайы жабдықталған орындарда шомылуға барыңыздар! Жас балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, оларды су айдындарына жалғыз жібермеңіздер! Суға масаң күйде түспеңіздер. Судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек