USD
USD
USD

Шымкентте 8114 кәсіпкерлік нысаны ASHYQ жүйесіне қосылды

Шымкент қаласында бүгінде 45 бекетте вакциналау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Егу науқаны басталғалы барлығы 419 934 адам вакциналанды. Оның ішінде 352 329 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Шымкентте 8114 кәсіпкерлік нысаны ASHYQ жүйесіне қосылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Бүгінде медициналық қызметкерлерді вакциналау 100 пайыз, құқық қорғау қызметкерлерін 100, мұғалімдер 180, созылмалы аурулары бар азаматтар 61,1, студенттерді вакциналау 166 пайызға орындалды. Азаматтарға вакцинаның Спутник, QazCOVID-In, Hayat-Vax, CoronaVAC, Vero CELL түрлері егілуде.

Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс істеуде. Қаладағы бизнес субьектілері үшін «Ashyq» жобасы енгізілген болатын. Бизнес субьектілеріне келушілердің мәртебесін анықтау барысында «қызыл» және «сары» мәртебелі азаматтар анықталды.

Шаһарда ASHYQ жобасына қосылған бизнес субьектілерінің саны 8114-ке жетті. Қазіргі кезде 441 тұрғыннан «сары» статус, 863 тұрғыннан «қызыл» статус анықталып отыр.

Сондай-ақ, 21-27 тамыз аралығында қалада 2546 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 79 карантиндік талаптарды бұзу фактілері тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек