USD
USD
USD

Шымкентте 60 тұрғын үй ауласын су басып қалды

 Шымкент қаласы Еңбекші ауданының, Елтай елді мекенінде қатты жауын-шашын салдарынан арықтың суы тасыды. Салдарынан 60 тұрғын үй аулаларын су басып және 3 шаруашылық нысан қирады. Бұл туралы ТЖК  хабарлайды.

Шымкентте 60 тұрғын үй ауласын су басып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «13 мамыр сағат 19.14 жағдай бойынша Еңбекші ауданының, Елтай елді мекенінде қатты жауын-шашын салдарынан арықтың су тасыған (су Түркістан облысы, Төлеби ауданынан келуде). Қазіргі таңда тасқын су 60 тұрғын үй аулаларын басып және 3 шаруашылық нысанды қиратқан. ТЖД күштерімен су сору жұмыстары жүргізілуде, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің күшетірмен арықтардың механикалық тазарту жұмыстарын жүргізілуде және 60 тұрғын үйдің тұрғындарын (ЭЖП-не 150 тұрғын эвакуацияланды, 150-ге жуық тұрғын туысқандарына эвакуацияланды) Тоғыс е/м-де орналасқан №120 орта мектебінің және №119 орта мектептерде ұйымдастырылған ЭЖП-леріне (эвакуациялық жиналу пунктері) эвакуациялануда.

Табиғат апатынан қаза тапқандар жоқ. Тұрғын үй аулаларындағы судың деңгейі 20-50 см-ді құрайды. Қазіргі уақытта, судың келу деңгейі 3-5 м.куб. ТЖ салдарын жою бойынша ТЖД жедел штабы құрылды. Еске салсақ, бүгін Түркістан облысы Төлеби ауданында Қасқасу өзені арнасынан асып, ауыл арасындағы көпірлерді су шайып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Жауыннан соң көлігі бүлінген астаналық өтемақы талап етті - Әкімдік не дейді

нөсер

Санкт-Петербургте ғарышты игеруге арналған фотокөрме ашылды

Kazinform

Грузиядағы ірі МӨЗ ресейлік мұнайдан бас тартып, қазақстандық мұнайға көшуде

мұнай

Сайлау күні онлайн-сервистер жұмыс істейді

сайлау