USD
USD
USD

Шымкентте 5 адамның өліміне себепші болған автобусты жүргізуші қол тежегішіне қоймаған

Шымкентте автгобус апатынан ауыр жарақат алған бесінші адам ауруханада жантәсілім етті. Аталмыш оқиғаға байланысты Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Мұқтар Қоқанбаев барлық тасымалдаушы компания басшыларымен арнайы жедел жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте 5 адамның өліміне себепші болған автобусты жүргізуші қол тежегішіне қоймаған
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Жиын барысында басқарма тарапынан тасымалдаушы компанияларға аталған оқиға бойынша жүргізушілердің назарына жеткізу мен жол жүрісі, жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптары мен жүргізушінің міндеттері туралы қосымша және тұрақты түрде нұсқаулықтарды өткізу тапсырылды.

Жүргізушілер құрамы арасында кезектен тыс аттестациялау шараларын өткізу, тұрақты түрде бағыттардағы желілік бақылауды күшейту міндеттелді.

Сондай-ақ қаза тапқан отбасылардың жақындарына автопарк басшысы тарапынан барлық емдеу мен жаназа шығындарын өтеуге көмек берілетінін атап өтті.

Аталған жол-көлік апаты туралы айтқан жауаптылар жүргізушінің қоғамдық көлікті қол тежегішіне қоюды ұмытып, әжетханаға кеткенін жеткізді. Кеше полиция автобустың тежегішке қойылғанын хабарлаған еді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында 77 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікті маршруттарға 877 автобус шығады.

Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетіп жүр.

Алдағы уақытта күшейтілген рейд жүргізіліп, компания басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Қазір оқып жатыр

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін: себебі неде?

Тиындар

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov