USD
USD
USD

ШЫМКЕНТТЕ 55 МЫҢ АДАМ КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯДАН ӨТКЕН

Шымкент қаласында жыл басынан бері 55 мыңға жуық адам КТ зерттеуінен өткен. Олардың басым бөлігі пневмонияға шалдыққан және коронавирус диагнозы расталған науқастар. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

ШЫМКЕНТТЕ 55 МЫҢ АДАМ КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯДАН ӨТКЕН
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Компьютерлік томография аппараты қаладағы 21 медициналық ұйымда бар. Ал, қалалық инфекциялық аурухана мен №2 және №3 ауруханаларда КТ аппараты тәулік бойы жұмыс істейді.

Компьютерлік томография аппараты өкпесі қабынған науқастарды емдеуде зор септігін тигізеді. КТ-диагностикасы дәрігерлердің патологияның бар-жоғын 100 пайыз дәлдікпен анықтауға, емдеудің тиімді тактикасын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Бүгінде дәрігерлеріміз науқастарға емдеудің тиімді тактикасын қолдана отырып, өкпенің зақымдану пайызы 80-90 ға жеткен азаматтарды жазып шығаруда.

Компьютерлік томография (КТ) - әртүрлі ауруларды диагностикалаудың заманауи әдістерінің бірі. Бұл зерттеу әдісінің негізі рентген сәулелерінің әрекеті болып табылады. Құрылғы пациенттің айналасында айналады және бірнеше суретке түсіреді, оны компьютер өңдейді және дәрігер қорытындылайды. Компьютерлік томография адамның ішкі ағзалары мен тіндерінің ауруларын диагностикалау үшін жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек