USD
USD
USD

Шымкентте 43 әйел "жезөкше" есебіне қойылды

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, "Stop-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасына Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының барлық жеке құрамы жұмылдырыл

Шымкентте 43 әйел "жезөкше" есебіне қойылды
Фото: NEGE.kz

ған.

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшылары қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізіп, әуежай, темір жол вокзалы, жалдамалы пәтерлер мен ойын-сауық орталықтарына, сауналар мен фермаларға тексеру жұмыстарын жүгізді.

Нәтижесінде, екі күн ішінде жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынудың 8 дерегі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабымен хаттама толтырылды. Сондай-ақ, әкімшілік кодекстің 449-бабы "Қоғамдық орындарда тиісу" бойынша 48 тұрғын жауапқа тартылса, 43 әйел "жезөкше" есебіне қойылды.

"Бүгін профилактикалық шараның соңғы күні. Десек те, тәртіп сақшылары аталған қылмыспен күрес жұмыстарын одан әрі жандандыра бермек. Адам саудасы қылмысының куәсі немесе құрбаны болған жағдайда бірден 102 арнасына хабарласыңыздар" - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

«Болашақ» талапқа сай келмейтін 340 адамға 7,7 млрд теңге шәкіртақы төлеген

Шәкіртақы

Қыз алып қашу заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады – Артур Ластаев

Қыз алып қашу

Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар, энергетика және өңірлерге тартылған инвестициялар

Коллаж

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев