USD
USD
USD

Шымкентте 3 магистралды су құбырының құрылысы жүріп жатыр

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Көмешбұлақ» су құбырының құрылыс барысын тексерді.

Шымкентте 3 магистралды су құбырының құрылысы жүріп жатыр
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Бұл қаланың Солтүстік Батыс бөлігінде орналасқан елдімекендерді ауыз сумен қамту мақсатында салынып жатыр. Ұзындығы 30 шақырымнан асады.

Аталған магистралды су құбырының құрылысы аяқталса Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке - 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптары толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Қазіргі уақытты қала тұрғындарын ауыз сумен қамту мақсатында 14 нысанның, яғни 3 магистралды су құбыры мен 11 ішкі орамдық жүйелердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның ішінде биыл 9 елдімекендегі құрылыс жұмысы аяқталып, Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас, Жаңаталап және Сәуле шағынаудандарының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

Қала әкімі әрбір тұрғын алап пен шағынаудан тұрғындарына жасалатын жұмыстар туралы аудан әкімдері тарапынан түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрудың маңызды екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек