USD
USD
USD

Шымкентте 392 жұмыс орны ашылады

Шымкент

Шымкентте 392 жұмыс орны ашылады
Фото: NEGE.kz

қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратовтың айтуынша, қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы биыл да жалғасын табуда. 

Алматы, NEGE. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратовтың айтуынша, Шымкент қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы биыл да жалғасын табуда.

Басқарманың мәліметінше, жоспарға сәйкес жұмыстар негізгі 2 бағытта (Реконструкциялау бойынша 1 жоба, құрылыс бойынша 12 жоба) барлығы 13 жобаны іске асыруға 15 251,9 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде 392 жұмыс орыны құрылады. 102 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Қазіргі кезде 11 инфрақұрылымдық жобаға мемлекеттік сатып алу рәсімделуде. Бүгінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтау, қызмет алушы азаматтарды бір жерде шоғырландырмау мақсатында «Жұмыспен қамту орталығы» 4 ауданға бөлініп, қызмет көрсетуде. 

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек