USD
USD
USD

Шымкентте 34 862 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Шымкент қаласында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Шымкентте 34 862 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратовтың мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмекке 2021 жылға бюджеттен 13,5 млрд. теңге бөлінген (республикалық – 12,5 млрд теңге, жергілікті бюджет – 955,7 млн теңге).

Жыл басынан бері 34 862 отбасыға (172 089 адам) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 4,8 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген отбасы саны – 43 889, тағайындаудан бас тартатылғаны – 6173. 2854 өтініш учаскелік комиссия қарауында.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балалары 47 244 кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді.
Жалпы атаулы көмек түрі азаматтардың аяққа тұрып кету үшін берілетінін, тұрақты түрде көрсетілмейтінін атап өткен жөн.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.