USD
USD
USD

Шымкентте 300-ден аса отбасы баспаналы болады

Шымкент қаласындағы Әкімшілік іскерлік орталықтағы 56 пәтерлі 9 қабатты үйдің (№41, №42, №43, 46, №47, №48 тұрғын үйлер) құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat.

Шымкентте 300-ден аса отбасы баспаналы болады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Мұндағы тұрғын үйлерді «Атамекен Корпорациясы» және «Югстройсервис-Н» ЖШС мердігер мекемелері салып жатыр. №46, №47, №48 үйлердің құрылысы маусым айында, №41, №42, №43 үйлердің құрылысы қыркүйек айында аяқталады. 1 бөлмелі - 96 пәтер, 2 бөлмелі – 96, 3 бөлмелі – 144 пәтер бар. Аталған үйлер пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арендалық негізде беріледі. Шаһар басшысы тиісті сала басшысына мердігер мекемелердің жұмысты сапалы орындауын бақылауды, кемшіліктер орын алса қайта қалыпқа келтірулерін тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек