USD
USD
USD

Шымкентте 300 адамға жасырын той жасағандар анықталды

3 Шымкентте тойхана есігін жауып, 300 адамға жиын ұйымдастырғандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте 300 адамға жасырын той жасағандар анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкентте демалыс күндері той-жиын ұйымдастырғандар анықталды. Карантин талаптарын елемегендер Абай ауданы бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралардың барысында анықталды. Мәселен, Шымкент қаласы Жиделі Байсын көшесінің бойында орналасқан “Гранд Сұлтан” тойханасының үш бірдей залында той-жиын ұйымдастырылғаны белгілі болды. Құрамында полицейлер мен аудандық әкімдік өкілдері бар мобильді топ өкілдері келген де ғимараттың есігі жабық тұрған. Алайда бұл кезде нысанның үш бірдей үлкен залында дүбірлі той болып жатқан музыканың дауысы шығып тұрған еді. Құзырлы орган қызметкерлері ақыры тойхана есігін ашып, қонақтарды тарқатты. Ал, карантин талаптарын өрескел бұзған тойхана иесінен түсініктеме алынды. Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен шара көру үшін Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт