USD
USD
USD

Шымкентте 215 шақырым жол таңбасы сызылды

Шымкент қаласында асфальт жолдың ұзындығы 2029,2 шақырымды құрайды.

Шымкентте 215 шақырым жол таңбасы сызылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Жыл басынан бері сол жолға көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 215 шақырым жол таңбалары сызылды. Оның 150 шақырымы термопластиктен болса, қалған 65 шақырымы акрильді краскадан сызылды.

Жол таңбалары Т.Рысқұлов (А.Байтұрсынов көшесінен Әл-Фараби көшесіне дейін), Желтоқсан (Д.Қонаев даңғылынан Темірлан тас жолына дейін), Тәуке хан (Сайрам көшесінен Д.Қонаев даңғылына дейін) және өзге де қала көшелеріне сызылды.

Одан бөлек, жаңа оқу жылының алдында оқушылар қауіпсіздігі үшін 15 тамыздан бастап 100-ден аса мектептің жаяу жүргіншілер жолағы жаңыртылды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде қаладағы жол-көлік оқиғалары азайып, жолда жүру мәдениеті қалыптаспақ.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек