USD
USD
USD

Шымкентте 20-дан астам футбол жанкүйері полицияға жеткізілді

Шымкент қаласында 20-дан астам футбол жанкүйері полицияға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте 20-дан астам футбол жанкүйері полицияға жеткізілді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Еңбекші аудандық полиция басқармасына 102 арнасы арқылы Уәлиханов көшесіндегі «Прага» кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барды. Белгілі болғандай, «Ордабасы» мен «Ақтөбе» футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік орын алғаны анықталды. Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда», - деп жазды ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе