USD
USD
USD

Шымкентте 181 адам коронавирустан жазылды

Шымкентте кеше 181 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Науқастардың басым бөлігі амбулаториялық бақылауда болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте 181 адам коронавирустан жазылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ауруханада жатып ем қабылдаған науқастардың бірі 74 жастағы әжей жиырма күннен астам дәрігерлердің қарауында болған. Оған коронавирус инфекциясынан бөлек «екі жақты пневмония» диагнозы қойылған. Инфекция жұқтырған зейнеткер вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсынан өткен. Емделу кезінде асқыну болмады, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 3 314 науқас дертінен айығып шыққан.

Қазір оқып жатыр

«Креслосыз» қалған Әшімбаев: саясаткердің ықпалы әлсіреді ме?

Мәулен Әшімбаев

Алексей Чуркин Азиадада ауыр атлетикадан әлем рекордын жаңартты

Алексей Чуркин

«Таныс болыңыздар – Барбарис»: Бағдат Мусин Арсен Томскийге ерекше сый жасады

Арсен Томский

Қазақстанда биыл рекордты 825 мың тонна авиациялық отын өндірілмек

авиаотын өндірісі