USD
USD
USD

Шымкентте 173 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша депутаттарға берген есебінде атап өтті.

Шымкентте 173 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Оның айтуынша, жалпы қала бойынша орташа жөндеу жұмыстары бойынша 173,2 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша бұл жұмыстар толығымен аяқталады. Атап айтқанда, 9 магистралды көше, 69 ішкі орам көше, шалғай елдімекендердегі 62 көше, 8 оң жақ өткелдер нысаны. Жолдардың 50 %-ға жуығы шалғай елдімекендерде орналасқан.

«Сонымен бірге қалада 49,8 шақырым жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Абай ауданы бойыша 9,1 шқ жол «Шымкент Дор Строй» ЖШС жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарының 90% аяқталған. Әль-Фараби ауданы бойынша 17 нысан бойынша 6 шақырым жолды «Корпорация Береке-А» ЖШС-гі толық аяқтап біткен. Ал, Қаратау ауданы бойынша 37 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарымен «Отау -Строй» және «Алем Транс Жол» ЖШС-тері жүргізуде. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 75 пайызы аяқталған»,-деді басқарма басшысы.

Жиында сонымен бірге басқарма басшысы қоғамдық көлік пен олардың интервалын сақтау мәселесін, аялдамалар орнату жұмыстары мен жол сапасын және қоғамдық көліктердегі төлем жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек