USD
USD
USD

Шымкентте 103 қызметі QR - код жүйесіне қосылды

Шымкентте жедел жәрдем қызметін бағалайтын жаңа ақпараттық жүйе енгізілді.

Шымкентте 103 қызметі QR - код жүйесіне қосылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Енді QR -код қосымшасы арқылы 103 қызметкерлері туралы толық ақпарат алып және көрсетілген медициналық қызметті бағалауға мүмкіндік туды. Бұл үшін шақыртуға баратын жедел жәрдем қызметкерлерінің барлығының бейджигінде QR -код қосымшасы орнатылған.

QR - код арқылы пациент дәрігер және фельдшер қандай оқу орнын бітірді, жұмыс өтілі, санаттылығы туралы толық ақпаратты және қызмет көрсету сапасы туралы өз пікірін қалдыра алады. Ал қызметкерлердің бейджигінде ұйымның логотипі, қызметкердің суреті, оның толық аты-жөні және атқаратын лауазымы көрсетілген.

Жалпы үшінші мегаполисте 100 жедел жәрдем бригадасы тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетеді. 103 станциясы 100 пайыз цифрлы жүйеге қосылған. Жедел жәрдем қоңырауларының барлығы біріктірілген автоматты жүйе арқылы қабылданады. Мұнан бөлек, шақыртуға баратын көліктерде GPS-навигаторы орнатылған.

Айта кетейік, бүгінде қаладағы 33 мемлекеттік медициналық мекемеде QR- код жүйесі іске қосылды. Бұл бағдарлама уақытты үнемдеу, қашықтықтан құжат алмасу, жұмысты автоматтандыруға септігін тигізеді.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.