USD
USD
USD

Шымкентте 100 орындық ковидті стационар ашылды

Шымкентте 100 орындық инфекциялық стационар ашылды.

Шымкентте 100 орындық ковидті стационар ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. «Қазғұрт» шағын ауданында ашылған орталықта коронавирус және пневмонияға шалдыққан науқастар емделеді. Бұл үшін мұнда өкпені жасанды желдету, боброва, оттегі нүктелері мен инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған жабдықтар орнатылған.

Денсаулық сақтау мекемесінің жұмыс барысымен қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы барып танысты. Науқастарды емдеуге арналған дәрілік қордың жеткілікті болуын қадағалауды салалық басқарма басшысына тапсырды. Сонымен бірге медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында арнайы киімдермен қамтылуын айтты.

«Klinika QaZygurt» медициналық орталығының базасында ашылған инфекциялық стационарда 10 орынға арналған жансақтау бөлімшесі бар. Қазір мұнда 22 науқас жатқызылып, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көмек көрсетілуде. 

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.