USD
USD
USD

Шымкентте жол жабыны ортасына опырылып түсті

Әлеуметтік желіде жолдың ортасына опырылып түскенін көрсеткен видео тарады. Бұл жағдай Шымкенттің Оңтүстік шағынауданындағы Қамысты көшесінде болған.

Опырылған жол
Фото: Видеодан скрин/Otyrar.kz

Астана, NEGE. Мамандар жолды жөндеу жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Otyrar арнасы.

«Су ресурстары Маркетингі» ЖШС мәліметінше, жол  1968 жылы салынған, диаметрі 1000 мм болатын кәріз коллекторындағы апат салдарынан опырылып түскен.

«Кәріз коллекторының істен шығуына байланысты жол жабыны опырылып түсті», – деп түсіндірді компания өкілдері.

Оқиғадан кейін қауіпсіздік мақсатында жолдың бұл бөлігі қоршауға алынды.

Қазіргі уақытта кәсіпорын мамандары қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдай салдарын жоюға арнайы техника мен жұмысшылар бригадалары тартылған. Оқиға орнында бетон сорғылары, жүк көліктері, тазалау техникасы және экскаватор жұмыс істеуде.

Мамандардың айтуынша, апаттың негізгі себебі – құбырдың тозуы.

«Бұл коллектор 1970-жылдары пайдалануға берілген және ұзақ жылдар бойы қолданылғандықтан техникалық тұрғыда әбден тозған», – делінген хабарламада.

Компания өкілдері апат салдарын жою және жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы