USD
USD
USD

Шымкентте жекеменшік балабақша иелері бюджет қаражатын жымқырған

Қалалық прокуратура органдарымен 4 жеке балабақша иелері балабақшаға келмеген балалар үшін жалпы сомасы 29,6 млн. теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды, деп хабарлады Шымкент қаласының прокуратурасы.

Балабақша
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде бюджетке келтірілген залал толық қайтарылды. Сот үкімімен біреуіне 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы қолданылса, екіншісіне 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мәселен, Г.М.Рысбекованың меңгеруіндегі «Али мен Айя» бөбекжай-бақшасы» ЖШС-і 2020 жылдың наурыз айынан бастап 2022 жылдың желтоқсан айына дейін балабақшаға келмеген 15 бала үшін, олар келді деп құжаттар тапсыру арқылы бюджеттен 8,7 млн. теңгенің үстінде қаражат алған.

Бұл қылмыс үшін соттың 23.02.2024 жылғы үкімімен Г.М.Рысбекова ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойы мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды атқаруға өмір бойы тыйым салынып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мұндай қатаң үкімнің шығарылуы аталған тұлғаның бұрын да сотты болып, сот үкімінің орындалуы кейінге қалдырылуы негіз болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ