Шымкентте жеке сот орындаушысы жарты миллионнан астам қаражатты заңсыз иемденген
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушысының берешекті өтеуге арналған 556 953 теңгені иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Алматы, NEGE. «Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы сотының шешімімен борышкер «С» өндіріп алушы «Б»-ға 1 275 000 теңге қаражатын өндіріп беруге міндетті болған», – делінген хабарламада.
Белгіленген қаражат борышкердің айлық жалақысынан ай сайын өндіріліп, жеке сот орындаушысының есеп шотына аударылып отырған.
Ол өз кезегінде қаражаттарды өз қажеттілігіне жаратқан.
«Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігімен (Жекеше нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы) басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру 15.05.2024ж. тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды», – делінген Шымкент қаласының прокуратурасы таратқан мәліметте.
Жосықсыз жеке сот орындаушысы Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының мүшелігінен шығарылды.
Қазір оқып жатыр
Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»
«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті
2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев
Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады