USD
USD
USD

Шымкентте жалған өрт сөндіруші хостел меңгерушісін алдап, ақшасын жымқырған

Шымкентте жалған өрт сөндіруші хостел меңгерушісін алдап, ақшасын жымқырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алаяқты жедел іс-шаралардың нәтижесінде қалалық ПД-ның киберполицейлері құрықтады. Ұсталған азамат Шу қаласының 27 жастағы тұрғыны. Тергеу барысында анықталғаны, ол бұрын-сонды осы қонақ үйде бірнеше рет болып, меңгерушінің жеке нөмірін біліп алған.

Кейін оған хабарласып, өзін өрт сөндіру қызметкері ретінде таныстырды. Қаскөй хостел ғимараты қауіпсіздік талаптарына толық сай келмейтінін және тиісті сертификаттың мерзімін 58 мың теңгеге ұзарта алатынын жеткізген. Сенгіш азамат бірден қажет соманы айтылған шотқа аударған.

Уақыт өте алаяқтың арбауына түскенін білген жәбірленуші полицияға осы жайт туралы хабарлаған.

Қазіргі таңда қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров