USD
USD
USD

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

Бүгін, 4 қараша күні Шымкентте мәйіті аудандық аурухананың автотұрағынан табылған Василий Колесниковтің ісі бойынша сот үкімі шықты.

сот үкімі
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде жәбірленуші тараптың адвокаты Талғат Есімов хабарлады.

Судья Абинұр Қарабаев алты сотталушыны адам өлтіру қылмысы бойынша кінәлі деп танып, оларға 20 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзі 6 қазанда басталған болатын. Мемлекеттік айыптаушы Мұхтар Арыстанов сотталушыларға 22 жылдан 24 жылға дейін жаза тағайындауды сұраған. Бұл ретте ол марқұмның әкесінің кешірім беруін ескерген.

Ал екінші жәбірленуші Мақсат Көшкенбаев сотталушылардың барлығын кінәлі деп танып, ешқайсысын кешірмейтінін мәлімдеген.

Сотталушылардың адвокаттары адам өлтіру бабы бойынша ақтау үкімін шығаруды, ал қорғауындағы азаматтарды бұзақылық пен адам ұрлау баптары бойынша ғана кінәлі деп тануды сұраған.

Алайда сот үкімімен Арысбаев 23 жылға, Іңкәрбеков 22 жылға, Қызбалаев 22 жылға, Ерімбет 21 жылға, Жұманазар 20 жылға, Қуандықов 20 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық іске қатысы бар делінген тағы екі адам әлі іздеуде.

Еске салсақ, бұл оқиға биыл 20 қаңтарда Шымкент қаласындағы Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қилысында болған. Екі көлік соқтығысқаннан кейін жанжалға үшінші көлікпен келген ер адамдар қосылған. Олардың арасында жаппай төбелес шығып, салдарынан бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Бір адам ауруханаға жеткізілген, тағы бір адамды оқиға орнынан күшпен алып кеткен. Көп ұзамай оның мәйіті Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы аурухананың автотұрағынан табылғаны хабарланды. Кейін қаза болған 40 жастағы спорт шебері Василий Колесников екені мәлім болды.

Бастапқыда жанжалдың алдын ала себебі ретінде бір жүргізушінің екінші жүргізушіге жол бермеуі айтылды. Алайда Колесниковтің отбасының қорғаушысы Талғат Есімов жол ережесін бұзу әдейі ұйымдастырылған торуыл болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, күдіктілер қастандық жасауға алдын ала дайындалып, Василий Колесниковті ұрлап, өлтірмек болған.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты