USD
USD
USD

Шымкентте түрме қызметкерлері сотталғандарды азаптаған деген күдікке ілінді

Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі хабарлады.

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша өңірлік өкіл Нұржан Әбдезовтің жеке қабылдауында болған сотталғандардың бірі 2025 жылғы маусымда мекеме қызметкерлері азаптағанын хабарлаған.

Қабылдау барысында тағы бір сотталған адамның соққыға жығылып, жақ сүйегі сынғаны анықталған.

Осы жайттан кейін медициналық көмекті уақтылы көрсетпегені үшін медицина қызметкерлері жауапкершілікке тартылған.

Ал мекеме қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің Лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген.

Құқық қорғау институты мекеме қызметкерлерінің әрекеттерінде азаптау белгілерінің болуына байланысты олардың әрекеттерін қайта қарау жөнінде жоғары қадағалау органына жүгінді.

«Бас прокуратура бұл ұстанымды қолдап, өткен жылдың соңында сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 146-бабының 3-бөлігіне (Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар) қайта сараланды», – делінген ресми хабарламада .

Мекеменің үш қызметкері қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.