USD
USD
USD

Шымкентте тұрғындардан ақша бопсалаған жалған полицейлер ұсталды

Шымкентте жалған қызметтік куәлікпен жүрген жалған полиция қызметкерлері ұсталды. Өздерін тәртіп сақшысы деп таныстырғандар кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындардан ақшаны бопсалап келген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Шымкент
Фото: aikyn.kz

Алматы, NEGE. Арна мәліметіне сүйенсек, жалған полицейлер тобын ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған. Оларды тексерген кезде, полиция қызметкері деген жалған қызметтік куәлік табылды.

Ұсталғандардың бірі бұрын алаяқтық жасағаны үшін істі болған. Олардың ұзақ уақыттан бері жергілікті тұрғындарды қорқытып ақша бопсалап келгені анықталды.

Арна мәліметіне сүйенсек, тергеу абақтысына қамалған үш күдіктіге қатысты бопсалау, тонау және билік өкілінің атын жамылу баптарымен іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, олар он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Ыстамбұлда жеті қабатты ғимараттың үшінші қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Ыстамұлда опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп