USD
USD
USD

Шымкентте терроризмді насихаттаған екі тұрғын сотталды

2024 жылғы маусымда ҰҚК материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін Қазақстанның үш азаматы сотталды.

ҰҚК
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. 3 және 7 маусымда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен терроризмді насихаттау фактісі бойынша екі жергілікті тұрғынның әрбірі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олардың айналасындағылар арасында, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни материалдарды таратқаны анықталды.

11 маусымда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен осыған ұқсас қылмысы үшін түзету мекемесінде ұсталудағы елорда тұрғыны 6 жылға қосымша бас бостандығынан айырылды.

Айта кету керек, 2024 жылдың ақпанында ол билікті басып алуға, террористік топты құруға және басқаруға, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында жалдауға, терроризмді насихаттауға және қаржыландыруға көпшілік алдында шақырғаны үшін 20 жылға сотталған.

Тергеу изоляторында болған кезде, ол заңсыз әрекеттерді тоқтатпады және камераластарына терроризм идеологиясын таратуға тырысты.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай