USD
USD
USD

Шымкентте танымал ішімдік брендтерін қолдан жасағандар ұсталды

Шымкент қаласынан «Absolut», «Зеленая марка», «Айдабульская», «Qulan» және тағы басқа брендтердің атын жамылған контрафактілік алкогольді өнімдер өндіретін жерасты цехінің жұмысы әшкере болды. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Әділет министрлігі
Фото: Әділет министрлігі

Алматы, NEGE. Шымкент қалалық Әділет департаменті мен полиция департаментінің қызметкерлері контрафактілік өнімдерді өндірумен айналысқан азаматты анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы (бөтеннің тауар белгілерін заңсыз пайдалану) бойынша іс қозғалды.

Тексеру барысында жерасты цехында спирттік ішімдіктерді құюға арналған құтыда, шығу тегі белгісіз 3 000 литр сұйықтық, сүзгі, құю жабдықтары, «Absolut» тауар белгісі бар 720, «Зеленая марка» тауар белгісі бар 1 400 дана бөтелке қақпақтары тәркіленді. Қазіргі уақытта әкімшілік істің материалдары сотқа жіберілді» деді Талғат Уәли.

Қазір оқып жатыр

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам

Тоқаев Азия ойындарында алтынынан айырылған спортшыны да марапаттады

Ясмина Тоқсанбаева