USD
USD
USD

Шымкентте такси жүргізушісін тонап кеткендерге сот үкімі шықты

Шымкентте есту және сөйлеу қабілеті бұзылған такси жүргізушіні тонаған екі ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Otyrar. 

К
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың мәліметінше екі жігіт естімейтін және сөйлей алмайтын такси жүргізушіге шабуыл жасаған. Олар жүргізушіні ұрып-соғып, оның екі ұялы телефонын тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Олар "Тонау" бабы бойынша кінәлі деп танылды.

"Бәкіров Жасұлан Нұрымұлы Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігінің 1 және 3-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.Тасболатов Мақсат Қалдықұлұлы дәл осындай негізде айыпты деп танылды – ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - деп хабарлады Жоғарғы Соттың Сот кабинетінің ақпараттық жүйесі.

Іс материалына сәйкес, қылмыс "Көктем" базарының аумағында болған. Қажетті мекенжайға жеткен екі жолаушы жүргізушінің сөйлей алмайтынын және естімейтінін байқаған. Олар ақша төлеудің орнына ұрып-соғып, құны 180 мың теңгеден асатын екі телефонын алып кеткен.

Сондай-ақ сотталушылардың бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды: Жасұлан Бәкіров 2019 жылы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін, Мақсат Тасболатов 2024 жылы ұрлық жасағаны үшін сотталған.

27 жастағы сотталушылар өз кінәсын мойындап, келтірілген шығынды өтеп берді.

Қазір оқып жатыр

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

KEGOC

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Қасымбек, Тоқаев

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек

Дәріхана

Ақтөбеде қоқыс маңынан пакетке салынған нәресте табылды

Нәресте