USD
USD
USD

Шымкентте спорттық атудан XVI Азия чемпионаты басталды

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ҚР Бас Прокуроры — Қазақстан спорттық ату федерациясының президенті Берік Асыловпен, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналинмен бірге осы ауқымды спорттық іс-шараның ашылу салтанатына қатысты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент, NEGE. Қала басшысы спортшыларды, жаттықтырушылар мен қонақтарды чемпионаттың басталуымен құттықтап, ұйымдастырушыларға, спорт федерацияларына және турнирді жоғары деңгейде өткізуге күш салған азаматтарға алғысын білдірді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, қала әкімдігінің қолдауымен өткізілген чемпионатқа мәртебелі қонақтар жиналды. Олардың қатарында Халықаралық спорттық ату федерациясының президенті Лучано Росси, Азия ату конфедерациясының басшысы шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабах, әлемдік спорт ұйымдарының өкілдері бар. Олардың қатысуы жарыстың жоғары мәртебесін аңғартады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

16-30 тамыз аралығында "Shymkent Shooting Plaza" базасында 27 елден 800 спортшы "тапанша", "мылтық", "қозғалмалы нысана", "стендтік ату", "трап", "скит" және "скит-микс" бойынша жарысады. Чемпионат аясында 700-ден астам медаль ойналады. Сондай-ақ жарыс екі олимпиадалық спорт түрі бойынша өтеді: нысана көздеу және стенд ату.

Жарыстың мақсаты – атқыштар спортын насихаттау, спортшылардың шеберлігін арттыру, рейтингісін анықтау және жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Қазір оқып жатыр

Алматыда университет жатақханасында қыздар төбелесіп, бір-біріне дене жарақатын келтірген

ұрлық

Қазақстан «Газпромға» қатысты АХҚО сотының шешімін орындамайды

АХҚО соты

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

Жолаушылар пойызы

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

грин-карта