Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

2026 жылдың шілде айындағы аптап ыстықты қазақстандықтар көпке дейін ұмытпайтыны анық.  Өткен айда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-4 градусқа жоғары болғанын Қазгидромет те растайды.

аптап ыстық
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Метеорологтар келтірген дерекке сәйкес, Шымкентте ауа температурасы +45,2 градусқа дейін жетті. 16 және 17 шілдеде 1915 жылғы, яғни 111 жыл бұрынғы рекордтар жаңарды. Бұл күндері ауа температурасы +41,1 және +40,1 градус болған.

Алматыда шілдеде бірден төрт температуралық рекорд жаңарған. 16 шілдеде – +38 градус, 17 шілдеде – +39,2, 18 шілдеде – +40, ал 20 шілдеде – +41,5 градус тіркелді.

Түркістанда +47,6 градусқа жеткен ыстық тіркелсе, Қызылордада ауа температурасы +45,2 градусқа дейін көтерілген. Астанада бұл айда ең жоғарғы температура  +38,6 градус болса, Өскеменде күн +39,7 градусқа дейін ысыған.

Бұған қоса шілдеде кейбір өңірлерде жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан бірнеше есе жоғары болған. Мысалы, Түркістан облысының Жетісай ауданында бір айда түскен жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан 15 есе асып түскен.

Қазір оқып жатыр

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: МБИ басшысына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік айыптаушылар

Pierre Cardin, Federico Barrazzo моделі Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүр

Шыңғыс Таңатпаев

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Мемлекетке қайтарылған қаржы