USD
USD
USD

Шымкентте Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды

21 сәуір күні әкімдік ғимаратының маңында шабуылға ұшыраған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов ауыр жараланып, жансақтау бөліміне түскен болатын. Үш апта өткен соң, 12 мамырда ол ауруханадан шығарылды.

Руслан Берденов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қастандық жасаған күдікті ретінде Ернар Жиенбай айыпталып отыр. Ол бұған дейін «Тұрғын үй Шымкент» компаниясының директоры міндетін атқарған.

Қылмыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Прокурор айыптау актісін әлі жариялаған жоқ. Бейресми нұсқалардың бірінде Берденов Жиенбайдың жұбайына тиіскен деген ақпарат тараған, ал Жиенбай оны қорғап, әрекетке барған делінеді. Алайда күдіктінің отбасы, соның ішінде әйелі бұл мәліметті бірден жоққа шығарып, зардап шеккен тарапқа жанашырлық білдірген.

Іс бойынша сот отырыстары алдағы уақытта жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес