USD
USD
USD

Шымкентте полицейлер экс-чемпион Әділ Тілектестің қазасына қатысты деректі тексеріп жатыр

Желіде грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы атанған Әділ Тілектестің Шымкенттегі кәсіпорындардың бірінде ток соғып, қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Әділ Тілектес
Фото: sportbugin.kz

Астана, NEGE. Ол жоғары кернеулі кабельге тиіп кетіп, биіктіктен құлаған, алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жұмыс жүргізу барысында электр тогының соғуы салдарынан өлімге әкелген жарақат алған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Telegram-дағы Halyqstan-арнасының жазуынша, Әділ Тілектес спорттағы көптеген жетістігіне, соның ішінде 2019 жылы 60 келіге дейінгі салмақта грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы атанғанына қарамастан, кәсіби мансабын аяқтап, отбасын асырау үшін Шымкенттегі керамикалық плитка өндіретін зауытқа жұмысқа орналасуға мәжбүр болған.

Спортшының есту қабілеті бұзылған. Ол жарыстарға небәрі екі жыл белсенді қатысып, кейін күрестен кеткен. Марқұмның артында екі баласы қалды.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала