USD
USD
USD

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Шымкентте қызметтік Kia көлігінің салонынан мефедрон табылды. Көлікте басқа азаматтармен бірге аудандық полиция бөлімшелерінің бірінің қызметкері болғаны да анықталды.

Полиция көлігі
Фото: polisia.kz

Астана, NEGE. Шымкент қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегін анықтады.

Ведомствоның баспасөз қызметі есірткі табылған көлікте болған полиция қызметкері ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметі оқиғаның барлық мән-жайына, оның ішінде бұрынғы полиция қызметкерінің әрекетіне де құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова

Талдықорғанда дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің заманауи оқу ғимараты пайдалануға берілді

Мектеп

Тоқаев испандық футбол мектебінің тәжірибесін Қазақстанға әкелмек

Атлетико Мадрид және Тоқаев