USD
USD
USD

Шымкентте өткен жылы 192 жүргізуші есірткіге мас күйде көлік жүргізген

Шымкентте өткен жылы есірткіге мас күйде көлік басқарған 192 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас жүргізуші
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Соңғы жылдары елімізде есірткіге масаң күйінде көлік басқарған жүргізушілердің жол жүру ережелерін ашық бұзуы, жол-көлік оқиғаларын жасауы секілді бірқатар құқық бұзушылықтың болуы қоғамдық резонанс тудырғаны белгілі. Масаң күйде көлік басқару жайтын болдырмауды қатаң бақылау үшін полиция қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп отырады.

Осы мақсатта өткізілген іс-шаралар барысында Шымкентте полицейлер 2024 жылы есірткіге масаң күйінде көлік басқарған 192 жүргізуші анықтап, жауапкершілікке тартты. Жүргізуші айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына жауапты екенін ұмытпаған жөн. Жол қозғалысына үнемі мұқият және жоғары жауапкершілікпен қарауы, ережеге бағынып, қауіпсіздікті сақтауы тиіс.

Полиция қызметкерлері баршаны жол қозғалысы ережелерін сақтауға, көлік құралын құжатсыз және мас күйінде басқармауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады

жол апаты

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

.

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Табыс

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Күдікті