USD
USD
USD

Шымкентте «Mooni Gold» қаржы пирамидасының заңсыз әрекеті әшкереленді

Тергеу деректеріне сай күдіктілер өздерін зергерлік бұйымдар сататын компания ретінде көрсетіп, азаматтарға 5 ай бойы салым сомасының 20-30%-ын ай сайын табыс ретінде беруге және негізгі қаражаттың сақталуына кепілдік берген.

Mooni Gold
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Алайда, төлемдер нақты сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына қатысушылар саны мыңнан асты. Залал көлемі 500 млн теңгеден асты.

Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 280 млн теңге болатын элиталық үй мен автокөлік сатып алған. Бұл мүлікке сот шешімімен тыйым салынды. Тінту кезінде 15 млн теңге қолма-қол ақша және құны 28 млн теңгеден асатын 67 түрлі алтын бұйым тәркіленді. Маңыздысы, салымшылардың көпшілігі өз үйлері мен көліктерін кепілге қойып, несие рәсімдей отырып, пирамидаға ақша салған.

Зардап шеккендердің бірі – зейнеткер әйел, ол пәтерін кепілге қойып, ұйымдастырушыларға 67 млн теңге берген. Сонымен қатар, күдіктілер салымшыларды «дроппер» ретінде пайдаланған. Яғни басқа қатысушылардан түскен қаражатты өзге салымшылардың банк шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған.

Күдіктілер екі айға қамауға алынды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматы полициясы экс-басшысының жүргізушісі сотқа тартылды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз