USD
USD
USD

Шымкентте медициналық мекеме басшысы қаржы жымқырғаны үшін сотталды

Шымкентте медициналық мекеме басшысы қаржы жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлады Антикор.

Антикор
Фото: Антикор

Алматы, NEGE. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» РММ бастығы Р. Сайлаубекұлы, «Отырар обаға қарсы күрес бөлімшесінің» РММ филиал бастығы Г. Абишова, сонымен қатар бас бухгалтері Ш.Зейілбекова мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, жалпы сомасы 48,4 млн теңге айыппұлға сотталды.

Олар жұмысқа орналасу үшін пара алғаны және бергені, сондай-ақ жалған іссапар шығындарын рәсімдеу жолымен 2 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов