USD
USD
USD

Шымкентте мас ер адам өзгенің көлігін ұрлап кеткен

Шымкентте мас ер адам өзгенің көлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшылары ұрланған темір тұлпарды тауып, заңды иесіне қайтарды.

Оқиға жексенбі күні таңғы уақытта болған. Достарымен өткізген көңілді бас қосудан кейін 29 жастағы тұрғын бөтеннің көлігін айдап кетуді шешкен. Жақын маңда тұрған “99” бұзып ашып, сымдарын қосу арқылы оталдырған. Көлігінің жоғалғанын көрген иесі осы оқиға туралы бірден полицияға хабарлаған.

Темір тұлпарды іздеуге полиция департаментінің ЖБО бейнебақылау инспекторлары кірісті. Ұрланған көлікті қаскөй Туран ауданы аумағындағы үйлердің бірінің алдына қалдырғаны белгілі болды. Ары қарай жаяу кеткен азаматты патрульдік полицейлер ұстады. Ол масаң күйде болғанын алға тартып, ақталғысы келді. Ер адамның мас халін медициналық куәландыру растағаннан кейін, ол ӘҚБтК-ке сәйкес 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.

Қазіргі таңда көлікті заңсыз айдап әкету жайты бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі