USD
USD
USD

Шымкентте күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды

Шымкентте ер адамның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция
Фото: depositphotos.com

Астана, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыпты арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал туындап, салдарынан ер адам пышақ жарақатын алған.

«Аталған жайт бойынша әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады қалалық полиция қызметінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сілтеп, өзге ақпарат жарияламады.

Көршілерінің мәлімдеуінше, ерлі-зайыптылар Самал-3 шағын ауданында пәтер жалдап тұрып жатқан және кәмелетке толмаған екі баланы тәрбиелеп отырған. 

Еске салсақ, Астанада 30 жастағы әйелдің өлімінен кейін лауазымды полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды. Департамент бастығы мен оның тағы бір орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, қызметке салғырт қарау бойынша қылмыстық іс қозғалып, осы іс аясында полицияның бұрынғы төрт қызметкері ұсталды.

 

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті