Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шымкентте құрылысы бітпеген медициналық орталықтан ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Шымкентте құрылысы бітпеген медициналық орталықтан ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полицияға ұрыны анықтауға бейнебақылау камералары көмектесті. Ер азамат түнгі уақытта құрылысы аяқталмаған ғимаратқа кіріп, қабырғасындағы кабельді қолды етіп, ізін суытқан. Ұрланған сымдардың ұзындығы – 2500 метр.

Жәбірленушіге келтірілген шығын 2,1 млн теңге. Оқиға туралы хабарды ала салысымен, Тұран АПБ-ның жедел уәкілдері күдіктіні іздестіруге кірісті. Жақын маңда орналасқан камералардағы жазбаны тексеру барысында полицейлердің көзіне үлкен орама кабель ұстаған екі тұлға түсті.

Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол бұрын тонау, ұрлық және бұзақылық үшін сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Өзгенің мүлкін ұрлап шыққан ер адам жолда танысын кездестіріп, электр сымдарын үйіне жеткізуге көмек сұрағаны белгілі болды. Ұрланған затты ол сатып үлгерген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат