USD
USD
USD

Шымкентте көші-қон қызметінің экс-бастығы тергеліп жатыр

Шымкентте көші-қон қызметі полиция басқармасының бұрынғы бастығы тергеліп жатыр, деп хабарлайды "Хабар-24".

Сот процессі
Фото: Хабар-24

Алматы, NEGE. Оған қылмыстық кодекстік 366 бабы, 3-бөлігі, 4-тармағы бойынша айып тағылды. Яғни қызметтік міндетін асыра пайдаланып, ауғаныстандықтарға Қазақстан азаматтығын алып беру үшін бернеше рет пара алды деген күдікке ілінді.

Ашық сот отырысында прокурор сотталушының екі адамнан жалпы сомасы 8 мың АҚШ долларын талап еткенін мәлімдеді. Жеңіл жолмен пайда табу үшін араға серіктесін де қосқан. Алайда делдал кінәсін толық мойындағанымен, күдіктінің өзі тағылған айыппен мүлде келіспеді. Себебі сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде біршама заңсыздықтар болып, іс бұрмаланған деп естептейді.

Судья, өтініш хатпен толық танысып шығу үшін прокурорға тағы бір апта уақыт берді.

Айта кетейік, былтыр лауазымды шендіні ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел тергеу тобы мен Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметі өкілдері қолға түсірген болатын.

Қазір оқып жатыр

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай

Құрылтай депутаттары волонтерлікті дамытуды парламенттік деңгейде қолдауды ұсынды

Құрылтаф делегациясы