USD
USD
USD

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Шымкенттік «Ордабасы» футболдан Қазақстан кубогының финалында қызылордалық «Қайсарды» 4:1 есебімен жеңді. Осылайша клуб бір маусымда ел чемпионаты мен кубогын қатар ұтып, өз тарихында алғаш рет «алтын дубль» жасады.

Ордабасы
Фото: «Ордабасы» ФК баспасөз қызметі

Астана, NEGE. 7 қарашада Түркістандағы «Түркістан Аренада» өткен кездесуде шымкенттіктер сапынан Сұлтанбек Астанов, Бьорн Йонсен, Давид Абагна және Эльхан Астанов гол соқты. «Қайсардың» жалғыз голын Агостиньо Азеведо салды.

«Ордабасы» Қазақстан кубогын үшінші рет иеленіп отыр. Бұған дейін команда 2011 және 2022 жылдары жеңімпаз атанған. Ал биыл шымкенттіктер ел чемпионатында 68 ұпай жинап, екінші чемпиондық атағына қол жеткізді.

Еурокубокқа кімдер қатысады?

2027/28 жылғы маусымда Қазақстан атынан төрт команда өнер көрсетеді:

  • «Ордабасы» (Шымкент) – Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі.

  • «Қайрат» (Алматы) – Конференциялар лигасының іріктеу кезеңі.

  • «Астана» – Конференциялар лигасының іріктеу кезеңі.

  • «Оқжетпес» (Көкшетау) – Конференциялар лигасының іріктеу кезеңі.

«Ордабасы» ел чемпионы ретінде Чемпиондар лигасына жолдама алып қойғандықтан, кубок жеңімпазына тиесілі еурокубок орны чемпионатты төртінші орында аяқтаған «Оқжетпеске» бұйырды.

Ал «Қайсар» биыл Премьер-лигадан шығып қалды. Кубок финалындағы жеңілістен кейін қызылордалық клуб еурокубокқа қатысу мүмкіндігінен де айырылды.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити