USD
USD
USD

Шымкентте көрші үйдің баласын зорлады деп айыпталған сотталушыға үкім шықты

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық сот режимінде И-ге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қылмыстық іс
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. 19 жастағы сотталушы жас балаға сексуалды сипатта зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді.

Сот 2023 жылдың қазан айының соңында сотталушы 2013 жылы 23 шілдеде туған М-ның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған қатысты бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын анықтаған.

– Сот қорытындылары кәмелетке толмаған жәбірленушінің, оның заңды өкілінің айғақтарымен, сотталушының өзіне сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген мойындау айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және істің басқа да материалдарымен расталады. Прокурор ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрады. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі және оның адвокаты прокурордың ұстанымымен келісті. Қорғаушы тарап ақтау үкімін шығаруды сұрады,-деді Шымкент қаласының ҚІМАС баспасөз қызметі.

Сот И-ді ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған
кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге байланысты педагогикалық лауазымдар мен лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры