USD
USD
USD

Шымкентте «қыз алып қашқан» жігіт ұсталды

Жастар әлеуметтік желіде танысқан. Бірнеше ай бойы ғаламтор арқылы сөйлескен. Маңғыстау облысының 22 жастағы тұрғыны оған үйленуге шешім қабылдаған. Бірақ оны болашақ қалыңдықтың пікірі қызықтырмады.

Қыз алып қашу
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жас жігіт Шымкентке келіп, таңғы уақытта қыздың дипломалды практикадан өтіп жатқан медициналық мекемесіне барған. Анықтама бюросында жеткізуші екенін айтып, бойжеткенге сыртқа шығуын өтінген. Қыз далаға шыққан бойда оны күштеп көлікке отырғызып әкеткен.

Полиция оқиға туралы хабар ала салысымен, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Toyota Alphard көлігін ұстауға Тұран АПБ-ның жедел уәкілдері жұмылдырылып, көрші өңірлерге бағыттама жіберілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде автокөлік жарты тәулік ішінде Алматы-Самара тас жолында Жалағаш ауылының маңында ұсталды.

Ер адам қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар