Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

​Шымкентте қымбат үй сатылып жатыр: Тоқтар Төлешовтің бұған не қатысы бар?

Шымкентте сотталған кәсіпкер Тоқтар Төлешовке тиесілі болған компанияның жылжымайтын мүлкі аукционға қойылды.

.
Фото: e-Qazyna

Астана, NEGE. e-Qazyna электронды сауда алаңындағы мәліметке сәйкес, Желтоқсан көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй сатылмақ. Мүлік иесі – «Дархан Group» ЖШС. Бұған дейін компанияның басым үлесі Тоқтар Төлешовке тиесілі болған.

Сауда алаңында үйдің жалпы аумағы 314,5 шаршы метр деп көрсетілген. Жер телімінің көлемі – 6,44 сотық. Аулада бассейн бар.

Бағаны төмендету тәсілімен өтетін аукцион 27 тамызға белгіленген. Үйдің бастапқы бағасы – 240,2 млн теңге, ал ең төменгі сату бағасы – 40 млн теңге. Құжаттарда жылжымайтын мүліктің нарықтық құны шамамен 80 млн теңге деп бағаланған.

Аукционға қатысу үшін 12 млн теңге кепілдік жарна төлеу қажет. Лот шарттарына сәйкес, саудаға бір ғана адам қатысқан жағдайда да мүлік сатылуы мүмкін.

Тоқтар Төлешов 2016 жылдың қарашасында мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені үшін және басқа да қылмыстары бойынша 21 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот заңсыз жолмен алынған немесе қылмыстық қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеу туралы да шешім шығарған.

Ал жақында Тоқтар Төлешов адвокаты арқылы Қарағанды облысының Абай аудандық сотына өтініш берді. Ол өзіне тағылған айыптарды Қылмыстық кодекстің жазасы жеңілдеу бастарына қайта саралауды сұрап отыр. Бұл туралы оның адвокаты Ыдырыс Әбішев хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстан тарабы жарық сөнуіне байланысты KEGOС мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстан

Шымкентте қызды алып қашу ісі бойынша екі күдікті қамауға алынды

Заң

Қарағанды облысындағы дала өртінен екі адам зардап шекті

Қарағанды облысы

Бір күнде 14 айыппұл: Алматы облысында жүргізушілер дабыл қағып жатыр

Автобан