USD
USD
USD

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

Полицияның алдын ала мәліметінше, Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне стадионға сыятын адам санынан әлдеқайда көп билет сатылған. 

.
Фото: Шымкент қаласының ПД

Астана, NEGE. Шымкент полициясының алдын ала мәліметінше, билет санының шамадан тыс көп болуы көрермендердің қауіпсіздігіне қатер төндірген. Салдарынан кіреберісте жұрт бірін-бірі қысып, 18 жастағы қыз жарақат алған.

Осы оқиғаға байланысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Концертті ұйымдастырған азамат ұсталды.

«Концерт ұйымдастырушысы, 1984 жылы туған Л. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген полиция хабарламасында.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Істі Шымкент қалалық полиция департаментінің басшылығы бақылауға алған.

Полиция әлеуметтік желіде тараған адам қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ресми мәлімет бойынша, оқиға кезінде ешкім көз жұмған жоқ.

Сондай-ақ полиция тұрғындарды тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырып, көрінеу жалған мәлімет таратқандар заң алдында жауап беретінін ескертті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық

Қайрат Нұртастың концертіндегі қарбаласта бір қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Қайрат

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.