USD
USD
USD

Шымкентте қаңғыбастардың атына 23 млн теңгеге жуық несие рәсімделген

Шымкентте қылмыстық топ мүшелері үй-жайы жоқ, көшеде күнелтіп жүрген азаматтардың атына несие рәсімдеп, олжаға кенелген. Олар осындай әккі әрекетінің арқасында қаржы ұйымдарынан 22 миллион 800 мың теңге ақша алған.

бомж
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Прокуратураның дерегінше, қылмыстық топ құрамында 5 адам болған. Қазір бұл азаматтардың бұдан өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Олар қаңғыбастардың атынан жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жеке кәсіпкерлік секілді заңды ұйымдар ашып, 2021 жылдан бері алаяқтық әрекетін жүзеге асырған.

Осы іске байланысты қылмыстық топ мүшелеріне несие берген коммерциялық ұйымдарға қатысты да қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Егер олардың кінәсі дәлелденсе, алаяқтық бабы бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Жалған, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар да тексеруге, олардың есепшоттарын бұғаттауға шаралар қабылдамаған. Бұл құқық бұзушылықтар қылмыстық топтың алаяқтық жоспарларын жүзеге асыруына және жәбірленушілердің қаражатын иемденуіне жол берген», – деді қалалық прокуратураның басқарма басшысы Жандос Досанов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда «ҚыздарНет» сайтына қатысты алғашқы үкім шықты

.

Партиялар неге бір-біріне шүйлікті?

Құрылтай

Kaspi.kz Джеки Чанның «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмі түсірілімдерінің бас серіктесі болды

.

Vietjet Qazaqstan Ресейге ұшатын рейстерін уақытша тоқтатты

Әуе рейсі