USD
USD
USD

Шымкентте ХҚКО қызметкері тұрғындардан 180 млн теңге алдап алған

 Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс аяқталды, деп жазды kaz.inform.kz.

теңге
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Облыстық соттың ресми сайтындағы мәліметке сенсек, сотталушы А-ға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша (сенімді теріс пайдалану жолымен, алдап, бірнеше рет аса iрi мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырумен алаяқтық жасау) айып тағылған.

Сот процесі кезінде Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында бас маман қызметін атқарған сотталушының бірнеше азаматқа қарсы алаяқтық жасағаны анықталған.

Ол 2022 жылы жәбірленуші К есімді адамға алаңы 20,08 га жер учаскесін жекешелендіріп беру, сол жерден тестілеу орталығын ашып, бірге жұмыс істеу, мемлекеттік бағдарламалар бойынша арзан пәтер алып беру туралы уәделер айтып, 113 млн теңге алған.

Қалған 14 жәбірленушіден мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алып беретінін айтып, 71 млн 356 мың теңге алған.

Сот оның өз кінәсін ішінара мойындағанын, шын ниетпен өкінбегенін, 179 млн теңгеден асатын залал өндірілмегенін және жәбірленушілердің кешірім бермегенін ескеріп, 6 (алты) жыл 8 (сегіз) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады

жол апаты

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

.

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Табыс

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Күдікті