USD
USD
USD

Шымкентте химиялық есірткі сатумен айналысқан полиция майоры ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Шымкентте химиялық есірткі сатуға қатысы бар полиция майорын ұстады, деп хабарлайды ҚазТаг.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. «Біз 2024 жылдың тамыз айында психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Шымкент қалалық ІІБ Тұран аудандық полиция бөлімі қызметкерінің ұсталғанын растаймыз. Қазіргі уақытта Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 297-баптың 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Бұған дейін ақпарат кһздерінде ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері Шымкент қалалық ІІБ Тұран аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон қызметінің инспекторы, полиция майорын химиялық есірткі сатқаны үшін ұстағаны туралы хабарлаған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Қостанайда балалар санитариялық жағдайы сын көтермейтін лагерьде демалуға мәжбүр болған

Светафор

Алматы маңындағы аудандардың бірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

сел қаупі

Қазақ дәрігері Қытайдың ең жоғары партиялық орденімен марапатталды

Оқас Сүлеймен

Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшері өзгереді

ипотека